Подборка: Қандас Ағайындар!!!,
24 июл 2019
Биздер де гашык болганбыз. Кытайдагы Агайындар.
Қабдрахман Мамежан
3:30
1 КОММЕНТАРИЙ
Қабдрахман Мамежан
Біздер де ғашық болғанбызҚызғанба, тағдыр, сызданба,Бұйырған бақты қызғанбаЕліктей ерке қыздарғаБіздер де ғашық болғанбыз!Лапылдап жүрек ұмтылып.Көңілге мөлдір мұң тұнып,Іңкәр боп ыстық ынтығып,Біздер де ғашық болғанбыз.Елітіп әсем еркелік,Шырындай тәтті шер төгіп,Өле де жаздап өртеніп,Біздер де ғашық болғанбыз.От сезім бойды мас қылып,Кей уақта басты тасқа ұрып,Бейуақта көзге жас тұнып,Біздер де ғашық болғанбыз.Бір ауыз сөзден суынған,Бір ауыз сөзден жылынғанКүйіп те жанып шыбын жанБіздер де ғашық болғанбыз.Аспанда маздап, лайым,Алмасып жатса күн, айым,Бұйыртар болса кұдайым,Әлі де ғашық болармыз!..Ұлықбек Есдәулетов